Иранның рухани көсемі Али Хаменеи Тегеранның Израильге жаппай шабуылынан кейін қауіпсіз жерде. Бұл туралы Иранның жоғары лауазымды шенеунігі Reuters агенттігіне хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Иран зымыран соққысы алдында Ресей мен АҚШ-ты дипломатиялық арналар арқылы хабардар етті, деді агенттіктің дереккөзі.
1 қазан күні түстен кейін Associated Press пен NBC News Ақ үй мен Пентагондағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Иран жақын арада Израильдің Хезболлаға қарсы операциясына байланысты Израильге баллистикалық зымырандармен соққы беруді жоспарлап отырғанын хабарлады.
Ираннан Израильге қарай зымырандардың жаппай ұшырылуы туралы ЦАХАЛ Мәскеу уақытымен 21.30 шамасында хабарлады. Бүкіл елде әуе дабылы жарияланды. Израильдің қорғаныс армиясы тұрғындарды қауіпсіз жерге жасырынуға және қосымша ескертуге дейін сол жерде болуға шақырды.