The Jerusalem Post жазғандай, аятолла Хаменеи бұл аккаунтты 26 қазан күні кешке жасап, оны иврит тілінде жүргізбек болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Хаменеидің профиліне кірген кезде әлеуметтік желі сервисі сізге платформа ережелерінің бұзылуына байланысты есептік жазбаңыздың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
"Аса мейірімді Алланың атымен бастаймын", – деп жазды Иранның жоғарғы жетекшісі.
Соған қарамастан Хаменеидің ағылшын тіліндегі негізгі аккаунты жұмысын жалғастыруда.
Хаменеи Израиль Иранға соққы берген күні иврит тілінде аккаунт ашпақшы болды. ЦАХАЛ соңғы бір жылда Израиль аумағына ұшырылған жер-әуе зымыран жүйелеріне, әуе қорғаныс жүйелері мен зымыран өндіру алаңдарына шабуыл жасағанын хабарлады. Иран Тегеран, Хузестан мен Илам провинцияларындағы әскери орталықтарға елеусіз зақым келгенін және төрт сарбаздың қаза тапқанын хабарлады.
Тель-Авив бұл шабуылды Тегеранның "айлар бойы үздіксіз шабуылдарына" жауап деп атады. Осыдан кейін Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкян израильдік тараптың "агрессиясына" жауап беруге уәде берді.