Иранның уранды күрт өндіруі АҚШ-қа ұнамай қалды

1094

20 мамырдан бастап Иран ядролық жағармай өндірісін көбейтуге шешім қабылдаған.

Иранның уранды күрт өндіруі АҚШ-қа ұнамай қалды

Иран төмен байытылған уран өндірісінің көлемін төрт есе арттырды. Бұл туралы Tasnim агенттігі Иран атом энергиясы ұйымының өкілі Бехруз Камальвандиге сілтеме жасап хабарлайды. 

Камальвандидің айтуынша, 20 мамырдан бастап Иран ядролық жағармай өндірісін көбейтуге шешім қабылдаған. Бұл туралы халықаралық АТО энергиясы ұйымына (МАГАТЭ) ескертілгенін мәлімдеді. 

Иранның мұндай шешімі АҚШ тарапынан ядролық келісімнің бұзылуы мен америкалық санкцияларға байланысты. Ал Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай және Ресей елдері Иран билігі бұл мәселені тер арада шешуі керек деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу