Иранның үш азаматы Жетісу облысындағы 2,3 мың гектар жерді заңсыз иемденген

281

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.  

Иранның үш азаматы Жетісу облысындағы 2,3 мың гектар жерді заңсыз иемденген Фото: gov.kz

Жетісу облысында 2,3 мың гектар жер заңсыз берілген. Бұл істі терең зерттей келе прокурорлар жерге иелік еткен компанияның құрылтайшылары Иранның үш азаматы екенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жетісу облысы прокуратурасының мәліметінше, бұл жердің нарықтағы бағасы – 50 млн теңге. Жер толықтай ауыл шаруашылығы мақсатындағы аумаққа жатады.

"Прокурорлар жер заңнамасы қаншалықты сақталады дегенді зерттей келе, бұл жерге иелік етіп алған компанияның құрылтайшылары Иранның үш азаматы екенін анықтаған.  Жер Ескелді ауданында орналасқан және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын бұза отырып берілген", – деп мәлімдеді Жетісу облысының прокуратурасы.

Бұл жұмыс тікелей мемлекеттің мүддесі болғандықтан, Ескелді ауданының прокуратурасы сотқа жүгініп, соттан бұл жерді мемлекет меншігіне қайтарып беруді талап еткен.

Сот істі қарай келе, прокурордың жағына шығып, жерді мемлекет меншігіне қайтарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу