Ұлыбритания, Германия және Франция Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарын жүзеге асыру аясында шиеленісті реттеу механизмін іске қоспақ. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. Тараптар Брюссельді осы әрекеті жайында ескертпек. Айта кететін жайт, олар БҰҰ-ның ресми Тегеранға салынған санкцияларын қайтадан күшіне енгізуді көздеп отырған жоқ.
Бұл қадамды осы үш ел жан-жақты қамтылған бірлескен іс-қимылдар жоспарын Иранмен бірге талқылаулар жүргізу арқылы сақтап қалу мақсатында жасап отыр.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу