Іргелес ел ойда-жоқта қомақты айыппұлдың астында қалды

Бұл айыппұл Өзбекстан құрамасына Қатарға қарсы өткен матчы кезінде бірнеше рет тәртіп бұзғаны үшін салынып отыр.   

Іргелес ел ойда-жоқта қомақты айыппұлдың астында қалды Фото: АФК

Бұл айыппұл Өзбекстан құрамасына Қатарға қарсы өткен матчы кезінде бірнеше рет тәртіп бұзғаны үшін салынып отыр. 

Азия футбол конфедерациясы (АФК) Тәртіптік комитетінің шешіміне сай, Өзбекстан футбол қауымдастығы (ӨФҚ) енді 340 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұйымның мәліметінше, көрші ел 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойынының жабылу салтанатын АФК-мен келіспей ұйымдастырған. 

ӨФҚ сондай-ақ АФК мен оның серіктестерінің маркетингтік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ете алмаған, бұл ұйымдастырушылар мақұлдамаған брендтерді жасырын ілгерілету – "амбуш маркетингке" әкеліп соғып отыр. Бұл –рецидив кезеңінде тәртіпті екінші рет бұзу жағдайы. 

Мұнан өзге, Қауымдастық баспасөз конференциялары мен сұхбаттар сияқты ресми іс-шараларды өткізуге тиісті көмек көрсетпеген, шешімде бұл жағдай да ескерілген. 

Айыппұл екі бөлек бұзушылық үшін екі бөлікке бөлінді: ол – 300 мың және 400 мың доллар. 

АФК шешімінде "амбуш-маркетинг" ұғымы – футболшыларды марапаттау кезінде автокөліктерінің тікелей стадион алаңына қойылып, сол жерде сыйлық ретінде табысталуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу