Іргелес елде тұмау өршіп барады

401

Профилактикалық шаралар күшейтілген. 

Іргелес елде тұмау өршіп барады Фото: АкиPress

Қырғызстанда 207 мектеп қашықтан оқытуға көшті, ал 214 балабақша уақытша карантинге жабылды. Бұған ЖРВИ мен тұмаудың өршуі себеп болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg-ге сілтеме жасап.

Елдің білім министрлігі хабарлағандай, эпидемиологиялық жағдай денсаулық сақтау министрлігі мен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бақылауында. Профилактикалық шаралар күшейтілген. 

"Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің нұсқауына сәйкес, білім беру процесі білім министрлігінің рұқсатынсыз онлайн форматқа көшіріледі. Мектептер министрлікке тиісті хабарламалар ғана жібереді", – деп хабарлады ведомство.

Осыған байланысты 207 мектеп онлайн форматқа көшірілді, ал 214 балабақша уақытша карантинге жабылған. Басылымның жазуынша, өткен аптада Қырғызстанда 36 мыңнан астам ЖРВИ мен тұмау жағдайы тіркелді. Науқастардың 70 пайыздан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу