М.В.Келдыш атындағы Қолданбалы математика институтының халықаралық оптикалық телескоптар желісі 2006 HV5 нөмірлі 300 метрлік астероидтың жерге барынша жақындағанын хабарлады. Тас 2,4 миллион шақырым қашықтықта ұшып кетті, деп жазады inbusiness.kz.
"Жердің айналасындағы ең қызықты астероидтарының бірі - 2006 HV5 26 сәуірде біздің планетаға 2.4 млн шақырым қашықтықта (айдан 6.3 есе алыс) ұшты. Ол өте үлкен 300 метрлік ғарыштық тас. Калифорниядағы "Голдстоун" радиолокаторы объектінің өлшемдері мен айналу кезеңін (~3.6 сағат) нақтылауға, сондай-ақ оның пішінін зерттеуге көмектесті - ол сфералық болып шықты",-деп атап өтті ғалымдар Telegram-арнада.
Ғалымдар сонымен қатар оптикалық диапазонда бақылаулар жүргізіп, оның орбитасын нақтылау үшін объектінің астрометриясын алды.