"Ірі бизнес өкілдері әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі керек"

2133

Оның айтуынша, 30 жыл бойы әлеуметтік салаға тек мемлекет жауап берген.

"Ірі бизнес өкілдері әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі керек"

Ірі бизнес өкілдері әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі керек. Бұл туралы Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Сельтеев Atameken Business телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгінде біз шағын және орта бизнес туралы айтып жүрміз. Алайда ірі бизнесті де назарға алуымыз керек. Қазір оларға үлкен жауапкершілік жүктелгелі отыр. Неге? Себебі 30 жыл бойы әлеуметтік жауапкершілік мемлекетке жүктелді. Әлемдегі ең төмен салықтың мөлшері Қазақстанда. Мұны түсіну керек. Енді бұған жауап беретін кез келді. Бұл вектор әлеуметтік теңдікке жол ашады. Мұны біз түсінуіміз қажет", – деді Оразғали Сельтеев.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу