Ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтамыз – Президент

165

Бұл туралы Өңірлік экологиялық саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.  

Ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтамыз – Президент Фото: istockphoto.com

Қазақстан 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 15 пайыздан асыруды және ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтуды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әділ және теңқұқылы энергетикалық модельге көшу негізгі басымдық саналады. Қазіргі уақытта Қазақстанда электр қуатының 7 пайыздан астамы жаңартылатын энергия көздерінен алынады. 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 15 пайыздан асыруды жоспарлап отырмыз.

Біз мұнай-газ қоры мол мемлекеттердің қатарына кіреміз. Соған қарамастан, еліміз орнықты энергетика мақсаттарынан айнымайды. Әлемдік уран экспортының шамамен 40 пайызын қамтамасыз ететін Қазақстан көміртексіз электр энергетикасын дамытуды құптайды.

Бүгінде алғашқы атом электр станциясының жобасын пысықтап жатырмыз. Сонымен қатар "таза көмір" технологиясы негізінде жылу электр станцияларын жаңғыртуды қолға алдық. Осылайша, ірі энергетикалық нысандардан ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды 35 пайызға азайтамыз", – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу