Ірі қалалардың тұрғындары кез келген ХҚО-да уақытша тіркеуден өте алады

844

Ірі қалалардың тұрғындары кез келген ХҚО-да уақытша тіркеуден өте алады

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары уақытша тіркеуден кез келген ХҚКО-дан өтулеріне болады деп хабарлады Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sputniknews.kz.
"Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қолайлылықтары үшін тұрғылықты жері бойынша тіркеуден жылжымайтын мүліктің орналасқан жеріне қарамастан тіркелулеріне болады. Егер бұған дейін бұл үш қаланың көші қон полициясының қызметі бойынша ХҚО-ға өз ауданы бойынша жүгінуі керек болса, қазір уақытша тіркелуді олар өздеріне қолайлы бөлімнен жүзеге асыра алады", — делінген хабарламада.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша, бұл азаматтарға уақытша тіркеу процедурасын айтарлықтай жеңілдетеді.

"Астана, Алматы және Шымкент сияқты үлкен қалалардағы тұрғындарға жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға тура келетін. Мысалы, пәтер Есіл ауданында орналасқан болса, онда Есіл аудандық ХҚКО-ға бару керек еді. Енді бұл қалалардың тұрғындары көші қон полициясы қызмет ететін кез келген ХҚКО-ға баруларына болады", – деп түсіндірді Еренчинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу