Ірі қараның аналық басы көбейтіледі

665

Сиыр етінің экспортынан 370 млн доллар түседі. 

Ірі қараның аналық басы көбейтіледі

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мал  шаруашылығын дамыту бойынша баяндама жасады. 

"Министрліктің жоспарына сәйкес, биыл мал шаруашылығы өнімдері көлемінің қосымша өсімі 4,2%-ға артып, 2,6 трлн теңгеге жетеді. 2020 жылдың 4 айында жалпы өнім көлемі 656 млрд теңгені құрап, өнім индексі 2,2%-ға ұлғайды", – деді Сапархан Омаров.

Министрдің мәлімдеуінше, ірі қараның аналық басын көбейтуге басымдық беріледі. 

"2018 жылдан бастап аналық мал басын сатып алуға арналған фермерлік шаруашылықтарды несиелендіру бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. 
Осы уақыт ішінде 1,5 мың фермерлік шаруашылық несиеге мал сатып алды. Ортамерзімді перспективада трансұлттық компанияларды тарту арқылы зәкірлік кооперацияны дамыту міндеті бар. Фермерлік шаруашылық инвестиция көлемін 350 млрд теңгеге жеткізеді. 2025 жылға қарай сиыр етінің экспортын 370 млн долларды құрайды", – деді Сапархан Омаров.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу