Ірі кәсіпорындар жол жөндеу шығындарын төлейтін болады

990

Ірі кәсіпорындар жол жөндеу шығындарын төлейтін болады

Қарағанды облысында ірі кәсіпорындар ауыр жүк көліктері ойып кеткен жолдарды өздері жөндейтін болды. Мұндай тапсырманы жолдар мәселесі қаралған жиында облыс әкімі Ерлан Қошанов берді. Қарағанды облысындағы жолдардың 25 пайызы нашар екенін айтқан аймақ басшысы, бұл жолдарды ірі өнеркәсіп кәсіпорындардың ауыр техникалары бұзып жатыр деп мәлімдеді. Мысал ретінде облыс әкімі Қарқаралы-Қарағайлы тас жолы бір жыл ішінде қайта жарамсыз күйге түскенін келтірді. Бұл жолмен "ҚарМыс", "Қазақмыс", "Алайғыр" компанияларының жүк көліктері жүрген. Енді, ол кәсіпорындар жолдарды жөндеу және қалыпта ұстау жұмыстарына көмектерін тигізулері керек –деді Ерлан Қошанов. Жалпы, Қарағанды облысында 2017 жылы республикалық маңызы бар автожолдардың ойлы-шұңқырлы жерлерін жөндеу жұмыстарына 460 млн. теңге, ал облыстық жолдарға - 805 млн. теңге бөлініп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу