Ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан футболшы қамауға алынды

1087

32 жастағы Проместі қамауға алу туралы халықаралық ордер шығарылды. 

Ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан футболшы қамауға алынды Фото: Риа Новости

Дубайда Голландия билігінің өтініші бойынша мәскеулік "Спартак" футбол клубының футболшысы Квинси Промес қамауға алынды. Нидерланды оны экстрадициялауды талап етеді, өйткені спортшы бұл елде 1,3 мың келі кокаин контрабандасы үшін алты жылға сотталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC агенттігіне сілтеме жасап.

32 жастағы Проместі қамауға алу туралы халықаралық ордер шығарылды. Ақпан айының соңында Промес жаттығудан кейін басқа "Спартак" футболшыларымен бірге Дубайдан Ресейге ұшпақ болған кезде шекарада ұсталды.

Ресейлік журналистердің хабарлауынша, қамауға алуға футболшының Дубайда көлігіне мініп, оқиға орнынан қашып кеткен жол апаты себеп болған. Содан бері ол Дубайдағы сәнді қонақүйлердің бірінде тұрып, ресми түрде үй қамауында отырған.

Нидерландының NL Times газеті оны әуежайда ұстағаннан кейін Голландия билігі оны экстрадициялау мүмкіндігін қарастыра бастағанын, бірақ Промеске түрмеден шығуға рұқсат етілгенін айтады. Футболшы "әлеуметтік желідегі парақшасында Дубайдағы әдемі өмірін көрсететін фотолар мен бейнелер жариялаған".

"Ққамауға алынған ер адам Дубайда сән-салтанатпен тұрған. Алайда ол екі ел билігінің ынтымақтастығы арқасында ұсталды", - деп жазды NL Times.

Квинси Промес деген кім

Промес Нидерландыда туып-өскен, 2014 жылдан 2018 жылға дейін Мәскеудің "Спартак" командасында ойнаған. 2017 жылы Ресейде жылдың үздік футболшысы және Ресей футбол чемпионатының үздік бомбардирі атанған.

Кейінірек ол испандық "Севильяда" ойнады, 2019 жылы ол жерден Амстердамның "Аякс" командасына ауысты (трансфер құны 15 миллион еуро болды).

Сондай-ақ ол Нидерланды құрамасы сапында 50 матчқа қатысты. Ол аталған командамен 2020 жылы Еуропа чемпионатында ойнап, 1/8 финалға дейін жеткен.

Айта кетейік, ол 2020 жылдың желтоқсанында Амстердамда немере ағасын пышақтады деген айыппен қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу