Шымкентте жалған ақша өткізген, есірткі сатқан күдіктіге сот 10 жыл үкім кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде "мефедрон" синтетикалық психотроптық есірткісін сату және 9300 АҚШ доллары сомасындағы жалған ақша қаражатын өткізу фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады. Күдіктіге қатысты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сот үкімімен ұсталған азамат кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу