Ірі көлемдегі есірткі сақтағандар 16 жылға бас бостандығынан айырылды

376

Заңсыз айналымнан 105 келіден астам есірткі тәркіленіп, алты адам жауапқа тартылды.  

Ірі көлемдегі есірткі сақтағандар 16 жылға бас бостандығынан айырылды Фото: gov.kz

Көліктегі полиция департаменті қызметкерлері құрықтаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 16 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

 Есірткі саудасымен айналысқан топтың заңсыз әрекеті өткен жылдың мамыр айында тоқтатылған.

Жедел іс-шаралар барысында полицейлер бірнеше адамның Астана, Қарағанды және Шымкент қалаларында есірткі таратуды ұйымдастырмақ болғанын анықтады. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен алты адам, оның ішінде шетел азаматтары ұсталған.

Тергеу барысында топ мүшелерінің әрқайсысына нақты міндет жүктелгені белгілі болды. Бірі курьер қызметін атқарса, енді бірі қылмыстық схеманың жұмысын үйлестіріп отырған. Есірткі арнайы жабдықталған гараждарда сақталған. Тінту кезінде автокөлік дөңгелектерінің ішіне жасырылған, сатуға дайындалған ірі көлемдегі есірткі тәркіленді.

Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 105 келіден астам есірткі алынған. Жиналған дәлелдер күдіктілердің ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында әрекет еткенін растады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен топтың барлық мүшесі кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі уақытта елден тыс жерде әрекет еткен куратордың жеке басын анықтау және оны жауапқа тарту жұмыстары жүргізілуде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу