Ірі көмір кенішіне айыппұл салынды

946

"Богатырь Көмір" ЖШС 4,6 млн теңге төлейтін болды.

Ірі көмір кенішіне айыппұл салынды

Екібастұз қаласындағы көмір өндіру орны тариф талаптарын сақтамаған болып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Павлодар облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті жүргізген талдау жұмыстары нәтижесінде "Богатырь Көмір" ЖШС тарифтік сметада көрсетілген шығындардың 5%-ын, яғни 669,2 мың теңгені игермегені белгілі болды. Сол себепті өтемақы ретінде уақытша тариф енгізілді.

"2021 жылғы 1 қараша мен 2022 жылғы 31 қаңтар аралығында аталмыш кәсіпорын жылжымалы құрамның өтуі үшін теміржолды ұсыну қызметінің тарифін 10,62 теңгеден 10,55 теңгеге дейін төмендетуі тиіс. 2022 жылғы 1 ақпаннан 2022 жылғы 31 қазанға дейін 11,12 теңгеден 10,92 теңгеге арзандауы шарт", – деп хабарлады жергілікті табиғи монополияларды реттеу департаменті.

Сонымен қатар ірі көмір кеніші тариф талаптарын сақатамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн 667 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу