Ірі компаниядан 33 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған адам ұсталды

397

Қызылорда облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында Атырау қаласында іздеуде жүрген 37 жастағы қызылордалықты қолға түсірді.

Ірі компаниядан 33 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған адам ұсталды Фото: canva.com

Ол биыл шілде айында алаяқтық жолмен ірі компаниядан 33 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген. 

"Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу