Ірі қырғыз банкі Ресей арқылы транзакцияларды тоқтатты

203

Қызмет қай уақытқа дейін қолжетімсіз болатыны белгісіз. 

Ірі қырғыз банкі Ресей арқылы транзакцияларды тоқтатты Фото: РБК

Қырғыз MBank ресейлік банктер арқылы ақша аударымдарын тоқтатты. Бұл туралы қаржы институтының сайтында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2024 жылдың 16 тамызынан бастап ресейлік банктер, соның ішінде Сбербанк, Тинкофф және МТС арқылы ақша аударымдары екі бағытта да тоқтатылғанын хабарлаймыз. Бұл қызмет белгісіз мерзімге уақытша қол жетімді емес", - делінген хабарламада.

Мекеме кіріс аударымдары рубльдік деректемелер бойынша санкцияларға ілінбеген банктер арқылы жүзеге асырылатынын айтты.

"Егер өзгерістер болса, біз сізге міндетті түрде қосымша хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қырғызстан өзінің банктік жүйесінің батыстық бағдарламалық жасақтамасынан бас тартып, ресейлік "Мир" карталарының жұмысын қайта іске қосатынын хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу