Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар алаңындағы баспасөз конференциясында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
"2022 жылы мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды және пайдалануға берілді, ол бүгінгі таңда мұнай айналымының 95%-ын бақылауға мүмкіндік береді. Еліміздің экономикасы үшін жоғарыда аталған жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы шетелдік әріптестермен бірлесіп Ірі мұнай-газ жобаларын дамытудың кешенді жоспары әзірленетін болады", – деді министр.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының көмірсутек шикізатын экспорттауға арналған дәліздерді әртараптандыру жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Министрлік мүдделі тараптармен бірлесіп Жол картасын әзірледі, ол мыналарды көздейді:
- Новороссийск, Усть-Луга порттарына одан әрі тасымалдаумен Атырау-Самара бағдарының қуатын қосымша жүктеу;
- Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту, оның шеңберінде теміржол жолдарын жаңғыртуды жүзеге асыру және теміржол вагон-цистерналарының тауар паркін кеңейту, сондай-ақ Ақтау теңіз сауда портындағы мұнай құю айлақтарын реконструкциялау және жаңғырту жоспарланып отыр;
- сондай-ақ Қазақстан-Қытай мұнай құбырының кейбір учаскелерін кеңейту мәселелерін қоса алғанда, Қытай Халық Республикасына мұнай экспортын ұлғайту жоспарлануда.
"Алдағы жылы Каспий Құбыр Консорциумының қазақстандық учаскесіндегі кедергілерді жою жобасы аяқталады, бұл өткізу қабілетін жылына 53,7 млн.тоннадан 72,5 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді", – деді министр.