Қазақстанда ірі мұнай компаниялар жеке меншікке өтіп кеткен

435

Бұл туралы  inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап отырып хабарлайды.

Қазақстанда ірі мұнай компаниялар жеке меншікке өтіп кеткен Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық объектілерді жеке меншікке берудің заңдылығы мәселелері талқыланды. 

Жиында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін ірі компанияның осыдан бірнеше жыл бұрын жеке меншікке сатылғаны айтылды. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткенін анықтады. 

Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында пысықтауды тапсырды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу