Қазақстан ірі мұнай желісіндегі апаттан 100-150 млрд теңге жоғалтты

696

Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуына қарағанда, алдын ала мәліметтер бойынша, Каспий құбыр консорциумындағы апат салдарынан Қазақстан 100-150 млрд теңге жоғалтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстан ірі мұнай желісіндегі апаттан 100-150 млрд теңге жоғалтты

"Шығын 100-150 млрд теңге шегінде бағаланады. Егер тез жойылса, әрине, ол аз болады. Бұл тек КҚК бойынша ғана", – деді Жамаубаев.

Оның айтуына қарағанда, шығынды дөп басып айту мүмкін емес. Барлығы жөндеу қанша уақыт жүргізілетініне, қандай да бір санкциялық шаралардың енгізілу, енгізілмеуіне байланысты.

Еске салсақ, Каспий құбыр желісі консорциумы Новороссийсктегі теңіз терминалында екі айлақ қондырғысының жұмысын тоқтатты. Осыған байланысты Каспий құбыр желісі консорциумы тасымалданатын мұнай көлемін үш есе қысқартуы мүмкін.
Бұған дейін шетелдік басылымдар кеме аялдамалық құрылғының істен шығуын "Ресейдің қолдан жасап отырғаны" деп жазған. 

Бұл нұсқамен ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов келіспейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу