Ірі өндірістік кәсіпорындарда 5 жыл сайын арнайы аудит жүргізіледі

Президент кәсіпорындардағы апаттар туралы сөз қозғады. 

Ірі өндірістік кәсіпорындарда 5 жыл сайын арнайы аудит жүргізіледі Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамығаны баршаға белгілі. Осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып келеді. Болашақта да солай болуға тиіс. Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соған қарамастан ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп барады. Олар экология нашарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымдануда. Жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кетті", – деді Президент.

Бұл ретте ол Үкіметке осы бағытта тапсырма берді.

"Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу