Ірі сауда орталықтарында киім қабылдайтын арнайы бокс орнатылды

963

Ірі сауда орталықтарында киім қабылдайтын арнайы бокс орнатылды

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында "Сарыарқа" ауданының әкімдігі "Рахмет – Спасибо" қайырымдылық дүкенімен бірлесіп қайырымдылық акциясын жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Акция аясында қаланың ОӘД, "Рахмет" СОО, "Астықжан" СО сияқты ірі сауда орталықтарында киім қабылдайтын арнайы бокстар орнатылды.

Көмекке мұқтаж отбасыларға демеу болуды қалаған кез келген адам киім, аяқ киім, пайдалы да қызықты кітаптарды, түрлі аксесуарларды осы бокстарға сала алады. Жиналған киімдер мен заттар белгілі бір уақыт ішінде қаладағы тұрмысы төмен отбасыларға таратылатын болады.

"Қоғамның әлеуметтік проблемаларына бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз", - деп жазылған таратылған хабарламада.

Атап өту керек, жеке тұтыну заттарын, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы, ойыншықтарды, азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмектерді бокстарға салу тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу