Ірі ұлттық компаниялардың қашан сатылатыны белгілі болды

836

Ірі ұлттық компаниялардың қашан сатылатыны белгілі болды

"Эйр Астана", "ҚазМұнайГаз" және "ҚазАтомПром" сынды ұлттық компаниялардың бәсекелес ортаға берілетін күні белгілі болды. Бұл жайлы Кипрде өтіп жатқан жыл сайынғы Еуропалық қайта құру және даму банкінің жиынында жүрген қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Негізі, ұлттық компаниялар толықтай IPO арқылы сатылады. Сондықтан, оның үлесін шетелдік компаниялар да иемденуге құқылы. Жекешелендіру 2019 жылға дейін жалғасады.

Бұған дейін хабарланғандай, 7 нысан жекеменшікке берілуі керек. Оның қатарында "Қазпошта", "Самұрық-Энерго", "Қазақстан темір жолы" секілді ірі компаниялар бар. 2017 жылы жалпы 280 ұйым сатуға қойылған.

Автор: Құралай Пионер

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу