ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметі бойынша, биылғы жылдың үшінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 197,3 мың адам жұмысқа қабылданған, түрлі себептермен – 207,6 мың адам жұмыстан кеткен.
Қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты жұмыстан шығарылғандар – 1,3%, басқа себептермен кеткендер 15,0% құрайды. Үшінші тоқсанның соңына қарай ірі және орта кәсіпорындар 28,6 мың бос жұмыс орнын ұсынған.
Биылғы жылдың үшінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 7,2%, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,6%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 6,4% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 95,1% құраған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу