"Ирина Кайратовнаның" мобилографы неден қайтыс болғаны белгілі болды

2201

Танымал "Ирина Кайратовна" тобының концертінде қаза тапқан жігіттің неден қайтқаны анықталды.

"Ирина Кайратовнаның" мобилографы неден қайтыс болғаны белгілі болды Фото: видео скриншот

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 21 жастағы мобилографтың өлімінің алдын ала себебі сот-медициналық сараптаманың нәтижелерімен расталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

"Өлімнің алдын ала себебі - асқынған геморрагиялық панкреонекроз токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды", - деп хабарлады Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы Tengrinews.kz ресми сауалына жауап бере отырып.

Геморрагиялық панкреонекроздың асқынған түрі — ұйқы безінің ауыр әрі өлімге әкелуі мүмкін ауруы. Ұйқы безі ферменттер мен инсулин шығару арқылы ас қорытуда маңызды рөл атқарады және оның қабынуы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Геморрагиялық панкреонекроз бездің тіндерінде қан кетумен бірге жүретін қабынумен сипатталады. Бұл ұйқы безі тіндерінің бұзылуына және некротикалық аймақтардың (өлі тіндердің) пайда болуына әкелуі мүмкін.

"Ирина Қайратовна" тобының мобилографы 14 қазанда Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болғанын еске саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу