"Ирина Қайратовна" тобының мобилографының қайтыс болуына не себеп

1622

Марқұмның денесі 14 қазан күні Сот сараптамасы институтына жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

"Ирина Қайратовна" тобының мобилографының қайтыс болуына не себеп  Фото: видеодан скрин

"14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілді. Өлімнің алдын ала себебі — жедел геморрагиялық панкреонекроз. Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады. Зерттеу жұмыстары екі аптаға дейін жүргізіледі", - делінген Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте. Еске салайық, "Ирина Қайратовна" тобының Астанадағы концерті кезінде мобилограф ес-түссіз құлап қалған болатын. Медицина мамандары оның қайтыс болғанын мәлімдегеннен кейін концерт тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу