Иркутск облысында селден кейін 13 адам із-түссіз кетті

706

Топан су басқан Ресейдің Иркутск облысында апат құрбандарының саны 18-ге жетті.

Иркутск облысында селден кейін 13 адам із-түссіз кетті

Қазір із-түзсіз кеткен 13 адам іздестіріліп жатыр. Оның біреуі - бала. 200 адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Atameken Business.

5 күн қатарынан жауған селдің салдарынан 83 елдімекендегі 33 мыңға жуық халық тұратын 10 мың үй жарамсыз болып қалды. Аймақтағы 13 көпір қирап, жолдар және егістік алқаптары шайылып кеткен.

Жергілікті халық уақытылы ескерту жасамады деп билікті кінәлауда. Ал олар болса, "бұл – климат өзгерісіне орай болған төтенше жағдай" дейді.

Қазір тергеу жүргізіліп, апат шығыны есептелуде.

Мамандар ауыл шаруашылығына келген шығын – 300 млн, ал инфрақұрылымды қалыпқа келтіру үшін 800 млн рубль қажет деп отыр.

Құтқарушылар тікұшақ көмегімен тұрғындарды қауіпсіз жерге жеткізіп болды. Ел президенті Владимир Путин баспанасыз қалғандар мәселесін күзге дейін шешуге тапсырма берді.

 "Судың деңгейі 4 метрге түсті. Құтқарушылар халықты қауіпсіз жерге көшіріп болды. Қазір қираған дүниелерді реттеп, жолдарды қалыпқа келтіріп жатырмыз",­ – деді РФ Иркутск облыстық төтенше-жағдай басқармасының басшысы Валентин Нелюбов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу