Иркутск облысында жаппай улану салдарынан көз жұмғандарды аза тұту күні жарияланды

922

Иркутск облысында  жаппай улану салдарынан көз жұмғандарды аза тұту күні жарияланды

Иркутск облысының губернаторы Сергей Левченко жарлыққа қол қойды. Соған сәйкес  20 желтоқсан суррогат  спиртті өнімнен жаппай улану салдарынан қаза тапқандарды аза тұту күні деп жарияланды, деп жазады "КоммерсантЪ".

Аймақ басшысы сондай-ақ қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтты.

Соңғы мәлімет бойынша, парфюмерлік заттан уланғандардың саны  53 адамға жетті.

Бұдан бұрын Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев спиртті өнімдердің айналымына қатаң бақылау қоюды тапсырған болатын.  Роспотребнадзор Иркутск облысында  ішімдік саудасына тыйым салды.  Жағдай туралы ел президенті Владимир Путинге баяндалды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу