Ирландия Палестинаны мемлекет ретінде тануға ниетті

184

Ирландия Үкіметі 22 мамырда Палестина территорияларын тәуелсіз мемлекет деп танитынын жариялайды.  

Ирландия Палестинаны мемлекет ретінде тануға ниетті Фото: eadaily

Reuters ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, премьер Саймон Харрис пен Сыртқы істер және қорғаныс министрі Михол Мартин бұл шешімді таңертең жоспарланған БАҚ алдына шығып жариялайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мартин бұған дейін Newstalk радиостанциясына берген сұхбатында Ирландия Палестина территорияларын осы айдың соңына дейін тәуелсіз мемлекет ретінде тануға ниетті екенін айтқан болатын. Ол елдің мұны арабтардың бейбіт бастамасы мен екі мемлекеттің екі халық үшін принципі аясында жасайтынын, сондай-ақ Палестина тұрғындарына өзін-өзі анықтау құқығын қолдайтынын түсіндірді.

Сәуір айының соңында ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Джозеп Боррел мамыр айының соңына дейін Палестинаны бірнеше Еуропалық Одақ елдері мойындайтынын айтты. Қазір Еуропа мемлекеттерінің арасында Болгария, Венгрия, Кипр, Мальта, Польша, Румыния, Словакия, Чехия, Швеция Палестинаның тәуелсіздігін мойындайды. Испания, Норвегия мен Словения басшылығының өкілдері жақын арада Палестинаны тану ниеті туралы мәлімдеді. Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде БҰҰ-ның 193 елінің 143-і, оның ішінде Ресей таниды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу