Ирландиялық еріктілер Аягөздегі балалар үйіне шағын автобус сыйлады

1055

Мүмкіндігі шектеулі жас жеткіншектерді осы уақытқа дейін тасымалдаған автокөлік көптеген ыңғайсыздықтар туғызған. Сол себептен алыс жолға шығудың өзі қиынға соққан. 

Ирландиялық еріктілер Аягөздегі балалар үйіне шағын автобус сыйлады

Аягөздегі балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына ирландиялық "Чернобыльден да маңызды іс" қайырымдылық қорының еріктілері жаңа шағын автобустың кілтін табыстады. Бұл микроавтобус шамамен 10 миллионнан аса теңгеге сатып алынған, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz

Мүмкіндігі шектеулі жас жеткіншектерді осы уақытқа дейін тасымалдаған автокөлік көптеген ыңғайсыздықтар туғызған. Сол себептен алыс жолға шығудың өзі қиынға соққан. Енді осы мекеменің тәрбиеленушілері кешенді медициналық тексерістерден өту үшін жақын қалаларға емін-еркін қатынайтын болады.

Айта кетейік, жақсы істер жасауға бағытталған бұл ұйым – 1999 жылдан бастап Семей қаласындағы қарттар үйіне, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, балалар интернатына қаржылай көмек көрсетіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу