IRONMAN жарысына 47 елден спортшылар қатысады

787

IRONMAN жарысына 47 елден спортшылар қатысады

17 маусымда Астанада триатлоннан ең беделді халықаралық жарыстардың бірі BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana өтеді. Жарысқа қатысу үшін әлемнің 47 мемлекеттен 1300-ден аса спортшы тіркелді, оның ішінде 700-ге жуығы қазақстандықтар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ТМД бойынша аталмыш жарыс бірінші рет Астана қаласында өткізілмек. IRONMAN триатлоны әлемдегі ең күрделі біркүндік жарыстың түрі. Қашықтықты бағындырған спортшы "Темір адам" атанады. IRONMAN 70.3 Astana жеке қатысушыларының жарысы таңғы сағат 08.00-де басталады, топтық командалар жарысы (эстафеталар) сағат 08.30-ға белгіленген. IRONMAN 70.3 қашықтығы үш үздіксіз кезеңнен тұрады: жүзу (1,9 шақырым), веложарыс (90 шақырым), жүгіру (21,1 шақырым) – жалпы ұзындығы 113 шақырым немесе 70,3 миль.

Айта кетейік, жарыста көзі нашар көретіндер мен зағиптарды әлеуметтендіруге бағытталған "Спорт без границ" әлеуметтік жобасына қатысушылар да өз күшін сынайды.

Триатлоннан бірінші BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana халықаралық жарысы аясында 15-17 маусымда үздік әлемдік брендтердің спорттық жәрмеңкесі жұмыс істейді. Онда спорттық заттар, тамақтар, жарыстың ресми кәдесыйлары сатылады.

16 маусымда Астана Триатлон Парк аумағында 5-тен 17 жасқа дейінгі балалар арасында тегін IRONKIDS, сондай-ақ 10-нан 15-ке дейінгі балалар арасында IRONKIDS DUATHLON жарысы өткізіледі.

IRONKIDS және IRONKIDS DUATHLON жарыстары әрбір IRONMAN жарысы аясында бүкіл отбасыға арналған ойын-сауық ретінде ұйымдастырылады. Бұл аса танымал шара және өскелең ұрпақты саламатты өмір салтын ұстануға шақырады.

IRONMAN 70.3 Astana 2018 жарысы Астананың 20 жылдығына орайластырылған және халықаралық аренада елордамыздың имиджін көтеруге ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу