Осыдан екі аптадай уақыт бұрын ШҚО Зырян ауданында іс-түссіз жоғалып кеткен әйел адамның денесі табылды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.
Жоғалған 34 жастағы әйел – Подорленок ауылының тұрғыны. 14 қазан күні құрбысының үйіне қонаққа кеткеннен қайта оралмайды. Түнгі уақытта құрбысының үйінен шығып, сол бойы іс-түссіз жоғалған екен.
24 қазанда әйелдің мәйіті сол құрбысының үйінің маңынан табылып отыр. Жақын туыстарының айтуынша, Екатеринаны шалбардың бауымен буындырып, қоршауға байлап кеткен көрінеді.
Полицияда бұл оқиғаға қатысты ресми ақпарат әзірше берілмей отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу