ҚР Тұңғыш Президенті Қорының Атқарушы директоры Әсет Исекешев "El Umiti" бастамасының Қамқоршылар кеңесінің мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Соңғы бірнеше айда біздің қор Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған "El Umiti" бастамасы аясындағы жобаларды белсенді түрде дамытуда. Осы жобалар арқылы біз өте маңызды міндетті орындамақпыз – яғни, дарынды оқушылар мен жастарға өз қабілетін ашуға, табысты дамудың жолын табуға, мүмкіндік бергіміз келеді. Сіздерге жобаларды әзірлеу мен іске асыруды үйлестіретін "El Umiti" бастамасының Қамқоршылар кеңесін таныстырғым келеді. Оның құрамына білім беру, IT және инновация саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар кірді. Серіктестерімізге – Үкіметке, жергілікті атқарушы органдар, халықаралық және отандық үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшыларға – бізге жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын", – деп жазды.