Исекешов Астананы түтіннен құтқарудың жолын атады

531

Исекешов Астананы түтіннен құтқарудың жолын атады

Астанада көмір мен бензиннің сапасы қатаң бақылауға алынбақ. Өйткені, әкімдік елорда ауасының ластануын осы жеке сектордың тұрғындары мен көлік жүргізушілерінен көріп отыр, деп хабарлайды КТК. 
Тек, жеке сектор емес, тіпті Есілдің сол жағалауына дейін қою түтіннен көрінбейді. Иісі жағымсыз ауаның ластанғанын синоптиктер де мойындап отыр.
"Екі станцияда атмосфера қабатының ластанғаны тіркелді. Яғни, ауада көміртек пен азот оксиді көбейіп кеткен.Бірақ, бұл ластанудың ең жоғары деңгейіне жатпайды", - дейді "Қазгидромет" РМК зертханасының басшысы Дана Аманбаева.
Бірақ, жұрттың қақаған аязда, көмір жағудан басқа амалы жоқ.
"Алдымен, сапасы төмен  көмір мен жанармайды қалаға кіргізбеуіміз қажет. Негізінен ауаны ластайтын осылар. Сондықтан, қара отын мен бензинге бақылауды күшейтеміз. Әрі  әкімдікке тиесілі коммуналдық машиналарды газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Мәселені, толық шешу үшін екі-үш жыл уақыт қажет", - дейді бұл турал қала әкімі Әсет Исекешев. 

Бірақ, энергетика министрі бас қаланың ластануы көмірдің сапасына байланысты емес дейді. Түтінге өзім де тұншығып жүрмін деген Бозымбаев, қалаға газ тарту керектігін айтады.  
Бірақ, елордаға арман болған  табиғи газдың қашан келетінін не әкім не энергетика министрі де білмейді. Айтуларынша, тиісті келісімдер жасалып жатыр. Бірақ, нақты мерзімдері жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу