Исхар Құрбаевқа қола жүлде бұйырмады

1121

Уфа қаласында (Башқұртстан, Ресей) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі аяқталуға жақын. Өкінішке қарай, грек-рим күресінің өкілдері финалға шыға алмады деп жазады Olympic.kz.   

Исхар Құрбаевқа қола жүлде бұйырмады

55 келіге дейінгі салмақта белдескен Исхар Құрбаевтың қола жүлде алатын мүмкіндігі болған. 

Алайда, әзірбайжандық Эльмир Әлиевпен өткен кездесуде 3:1 есебімен қарсыласы жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Уфадағы әлемдік сында әйелдер күресінен Нулифар Раимова чемпион атанса, еркін күрестен Нұрдәулет Қуанышбай күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу