"Ішім удай ашиды": Бекболат Тілеухан түрмедегі Қайрат Сатыбалды туралы ойын айтты

11899

Бекболат Тілеухан оны түрмеге қимайтынын айтты.

"Ішім удай ашиды": Бекболат Тілеухан түрмедегі Қайрат Сатыбалды туралы ойын айтты Фото: Asias.ru

Экс-депутат Бекболат Тілеухан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, досы Қайрат Сатыбалдыұлы туралы пікірін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілеуханның айтуынша, темір тордың арғы жағында отырған досына әлі күнге дейін бармаған, хал-жағдайын білмеген.

"Ішім удай ашыды. Әлі күнге ішім удай ашиды. Қимаймын түрмеге. Тамақ апарайын десем, кіргізбейді ғой. Тамақ апарар едім, кірер едім, бірақ енді менен басқа да кіретін қаншама адамдар бар. Туғаны бар, туысы бар. Қашан шығатынын білмеймін. Иншалла, шықсын",- деді ол.

Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қаржы жымқыру фактілері бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу