"Ішімдік ішіп, қарумен қорқытқан": Қарағанды ​​облысында депутат қамауға алынды

256

Полиция қызметкерлерімен күдікті анықталып ұсталды.

"Ішімдік ішіп, қарумен қорқытқан": Қарағанды ​​облысында депутат қамауға алынды Фото: canva.com

21 қазан күні Қарағанды облысы Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылында бейтаныс азамат ішімдік ішіп алып, 60 жастағы жергілікті тұрғынды қарумен қорқытқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның 38 жастағы аудандық мәслихаттың депутаты екені белгілі болды. Күдіктіге қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік хаттама толтырылып соттың шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ, қылмыстық кодекстің "Қорқыту" және "Атыс қаруын заңсыз ұстау" бабтарымен қылмыстық іс қозғалды.

"Жәбірленушінің айтқан арыздарының барлығы жан-жақты тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу