Ішімдік сатылмайтын ауылда қылмыс пен ажырасу азайған

Соңғы 6 жылдан бері ішімдік, темекі сияқты зиянды дүниелердің дүкен сөрелерінде сатылмауы – ауылдың берекесін кіргізіп отыр.

Ішімдік сатылмайтын ауылда қылмыс пен ажырасу азайған

Түркістан облысында бірде-бір қылмыс тіркелмеген, ажырасу саны азайған ауыл бар, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Түркістан облысында жыл басынан бері бір де бір қылмыс тіркелмеген, соңғы 5 жылда ажырасу мүлдем болмаған ауыл бар. Бұл Жетісай ауданындағы Мақталы ауыл әкімшілігінде орналасқан – Алмалы ауылы. Соңғы 6 жылдан бері ішімдік, темекі сияқты зиянды дүниелердің дүкен сөрелерінде сатылмауы – ауылдың берекесін кіргізіп отыр.

Бұл ауылдың айрандай ұйып отыруына Ильяс Жабаев, Мұхит Джумабеков, Сапархан Каипов атты учаскелік полиция инспекторларының еңбегі зор. Ауылдың қай тұрғынын әңгімеге тартсаңыз, тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігін, еңбекқорлығын, істеген жұмысын тізбектей жөнеледі.

Ауылдың бетке ұстар қарттарының айтуынша, полицейлер күнделікті жергілікті жұртшылықтың жағдайын біліп, үйді-үй аралап отырады. Тәртіпті қадағалап, елдің қорғаны деген атқа сай қызмет етеді. Осындай қадағалау мен бақылаудың арқасында жастар жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу