"Қызылорда – Павлодар" бағытындағы республикалық маңызы бар жолда ішінде 10 жолаушысы бар көлік бұзылып, жолда қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz..
Облыстық ТДЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Mercedes-Benz Sprinter маркалы автобусы Екібастұз қаласының жанында істен шыққан.
"Бүгін таңғы сағат 5 шамасында жолда қалған жолаушыларға жедел құтқару жасағынан екі адам және бір техника жөнелтілді. Жолаушылар Екібастұз қаласының сапаржайына жеткізілді, - деді департаменттен.
Төтеншеліктер жолға шыққан тұрғындарға аяз кезінде сақ болуға кеңес береді.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күн жауын-шашынсыз, сынап бағаны климаттық нормадан 2-4 градусқа төмен болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу