"Ішінде балалар болған": Ақтөбеде азық-түлік дүкені өртеніп кетті

268

Зардап шеккендер жоқ. 

"Ішінде балалар болған": Ақтөбеде азық-түлік дүкені өртеніп кетті Фото: inbusiness.kz

Ақтөбеде дүкеннен өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, Ақтөбе қаласында тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы азық-түлік дүкенінде 4 шаршы метр алаңда тоңазытқыш өртенген.

"Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт шақыру түскен сәттен бастап 20 минут ішінде ауыздықталды. ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3-і бала, ал жоғарғы қабаттардан 5 бала және 11 ересек адам эвакуацияланды", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу