"Ішінде қыз болған": Астанада лифт 9-қабаттан құлап түсті

Оқыс оқиға М.Төлебаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде тіркеліп отыр.   

"Ішінде қыз болған": Астанада лифт 9-қабаттан құлап түсті Фото: ziplift.ru

Тұрғындар лифт ішінде кішкентай қыздың болғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Лифт 9-қабаттан құлап түсті, ішінде қыз бала болды. Қатты қорқып, құйымшағынан жарақат алған екен. Негізі, лифттердегі мәселе көптен бері қозғалып келеді, бірақ еш нәтиже жоқ, – дейді тұрғындардың бірі. 

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың қазіргі жағдайы туралы ақпарат беріп өтті. 

– Ата-анасы баласын № 2 көпсалалы балалар ауруханасына апарған. Бейінді мамандар амбулаториялық тексеру жүргізді. Ауыр жарақат болмағандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болмады, сондықтан бала амбулаториялық ем алуға жіберілді. Одан арғы емдеу тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі, – дейді басқарманың баспасөз қызметі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу