"Ішінде шетел азаматтары бар": Алматыда 13 секс-притон әшкере болды

786

Клиенттерге 51 қыз интим қызмет көрсеткен.

"Ішінде шетел азаматтары бар": Алматыда 13 секс-притон әшкере болды Фото: видео скриншот

Алматы полициясы секс-притондарды анықтау мақсатында рейд жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өткен демалыс күндері Алматыда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері негізінен боди-массаж салоны атын жабылып жұмыс істейтін 13 секс-притонды анықтады.

Клиенттерге 51 қыз интим қызмет көрсеткені, оның 14-і Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары екені анықталды.

Шетелдік әйелдер полиция департаментінің қабылдау бөліміне орналастырылған.

"Жалпы, интим-индустрия қызметкерлеріне қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы және ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша 67 әкімшілік хаттама жасалды, ал жезөкшелікпен айналысу үшін көрінеу берілген үй-жайлардың иелеріне қатысты ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша 13 әкімшілік хаттама қозғалды", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу