Ішкі экономикалық процестерге әсер ететін тәуекелдер көбейді - Тимур Сүлейменов

915

Ішкі процестерге түзетулер енгізуі мүмкін әлемдік экономикадағы тәуекелдер көбейді.

Ішкі экономикалық процестерге әсер ететін тәуекелдер көбейді - Тимур Сүлейменов

Қаңтар-шілдеде жалпы ішкі өнімнің өсуі 4%-ды құрады. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды abctv.kz.

"Экономиканың өсуіне инфляциялық қысымның төмендеуі, жоғары инвестициялық белсенділік және экономиканың негізгі салаларында оң динамиканың сақталуы серпін берді", – деді министр.

Оның сөзінше, инфляция жыл басынан бері 2,7%-ды құрады. Ал жылдық инфляция 5,9%-ға тең.

"Биылғы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 87,7 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Ұлттық қордың активтері – 56,8 млрд АҚШ долларына, алтын-валюта резервтері 30,9 млрд АҚШ долларына тең болды", – деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, Қазақстанның экономикалық даму траекториясы орташа әлемдік қарқынынан жоғары қалыптасуда. Дегенмен, министр ішкі экономикалық процестерге түзетулер енгізуі мүмкін әлемдік экономикадағы тәуекелдердің көбейгенін де еске салды.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу