Ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрған жасөспірімдер түрмедегілердің өмірімен танысты

1388

Ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрған жасөспірімдер түрмедегілердің өмірімен танысты

Алматы облысындағы Ескелді ауданында есепте тұрған жеткіншектер түрмедегілердің өмірімен танысты. Прокурорлар  13 оқушыны  Алматы қаласындағы ЛА 155/6 колониясына арнайы апарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түзеу мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған 50-ге жуық бала жазасын өтеп жатыр. Оларға тағылған айып әр түрлі. Бірі ұрлық жасаса, енді біреуі  кісі өлтірген, діни теріс ағымды насихаттап сотталған. Жазасын өтеп жатқан жасөспірімнің бірі жасаған әрекетіне қатты өкінетінін айтып, қонаққа келген қатарластарына дұрыс жүруге кеңес берді.

Ескелді ауданының прокурорлары  бұл шараны ішкі істер бөлімінде тіркеуде тұрған жасөспірімдер сотталған замандастарының қателіктерін қайталамауы мақсатында ұйымдастырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу