Ішкі істер қызметкерлерінің жалақысын өсіруге 20 млрд бөлінді

1400

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің айлық жалақысы 2021-2023 жылдар аралығында кезең-кезеңімен тағы 30%-ға өседі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәжілістегі үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ішкі істер қызметкерлерінің жалақысын өсіруге 20 млрд бөлінді

"Штатты оңтайландыру есебінен үнемделген және бюджеттен қосымша бөлінген 20 млрд ақшаға 2019 жылғы 1 шілдеден бастап патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысы – 65%-ға, жедел тергеу бөлімшелерінің жалақысы – 55%-ға, учаскелік инспекторлар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың жалақысы – 25%-ға, полиция мен қылмыстық-атқару жүйесінің қалған қызметкерлерінің жалақысы – 20%-ға өсті", – деді министр. 

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, полиция қызметкерлерінің айлық жалақысы мемлекеттік бюджет есебінен жалақы төленетін орган қызметкерлеріне еңбекақы тағайындаудың бірыңғай жүйесіне сәйкес белгіленді. Еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру аясында Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы алдағы 3 жылда кезең-кезеңімен тағы 30%-ға өседі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу