Ішкі істер министрі Алматы ауруханасында жатқан полицейдің жағдайын білді

692

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы жағдайды жеке бақылауға алды.  

Ішкі істер министрі Алматы ауруханасында жатқан полицейдің жағдайын білді

Бүгін ол жұмыс сапарымен қалаға арнайы келді, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымның жағдайын білуге барды.

Апаттан соң дәрігерлер оған біріккен жарақат, бас сүйегінің жабық жарақаты, мидағы ауыр контузия, жақ сүйегінің эпидуральды қан кетуі диагнозын қойды. Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды.

Ерлан Тұрғымбаев дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Дәрігерлермен әңгімелескеннен кейін министр полиция қызметкерінің тез сауығып кетуін тіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу