Ішкі істер министрі Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті

575

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Әзірбайжан елшісімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.    

Ішкі істер министрі Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті Фото: polisia.kz

Марат Ахметжанов Әзербайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоғлановпен кездесугеде қылмыспен күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ іс-шара барысында Әзірбайжан елшісі осы елдің ІІМ-нің Қазақстандағы өкілі Анвер Зохраббейлиді таныстырды.

Бұдан басқа, тараптар өзекті бағыттар бойынша бірлескен өзара іс-қимылды дамытудың одан әрі перспективаларын нақтылады. Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог жағдайында өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу