Ішкі істер министрі бес жасар баланы құдықтан алып шыққан оқушыны марапаттады

1594

Министрдің айтуынша, Нәдір  Омарғазиев құқық қорғаушы болғысы келсе, оған ішкі істер министрлігінің академиясында арнайы квота беріледі.

Ішкі істер министрі бес жасар баланы құдықтан алып шыққан оқушыны марапаттады Фото: inform.kz

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Астанада бес жасар баланы құдықтан алып шыққан мектеп оқушысын марапаттады. Министрдің бұйрығымен Нәдір Омарғазиевке "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Нәдір ерлік жасады, ешкімнен көмек сұрамай, баланы құтқарып қалды. Полицейлер оқиға орнында үнемі бола бермейді. Осындай уақытта Нәдір шешім қабылдап, кішкентай баланы құтқарды. Ата-анасына берген тәрбиесі үшін алғысымды білдіремін, мектепке де ризашылығымды айтқым келіп отыр", –  деді Ерлан Тұрғымбаев марапаттау рәсімінде.

Осыдан кейін министр мектеп оқушысына төсбелгіні тағып, естелікке смартфон сыйлады.

Министрдің айтуынша, Нәдір құқық қорғаушы болғысы келсе, оған ішкі істер министрлігінің академиясында арнайы квота беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу